«Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті

/
«Қайрат» Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті
Сурет: Sports.kz

Алматыда Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Қайрат» финляндиялық КуПС клубын қабылдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бірінші таймда «Қайрат» қарсылас команда қақпасына жауапсыз 3 гол соқты. 9-минутта Дастан Сатпаев есеп ашса, 29-минутта Жоржиньо гол соқты, ал 43-минутта Валерий Громыко нәтижелі соққымен көзге түсті.

Ал екінші таймда ешқандай гол соғылмады. Осылайша, тартысқа толы ойын барысында финляндиялық клуб алматылық клубтың қақпасына бір де бір гол соға алмады.

Еске салайық, «Қайрат» пен КуПС арасындағы алғашқы матч Финляндияның Куопио қаласында өткен болатын. Ол ойында алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары