Бейжіңдегі су тасқынынан 30 адам қаза тапты

/
Бейжіңдегі су тасқынынан 30 адам қаза тапты
видеодан скриншот

Қытайда ұзаққа созылған нөсер жауын салдарынан су тасқыны болып, 30 адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейжің қаласының су тасқынына қарсы күрес штабының хабарлауынша, қаза болғандар қаланың солтүстігіндегі таулы аймақтарда тіркелген.

«Миюнь ауданында 28 адам, Яньцин ауданында 2 адам қаза болды. Су апатының салдарынан қала бойынша барлығы 80 332 адам эвакуацияланды», – делінген хабарламада.

Жергілікті биліктің дерегінше, бұл өңірде жауын-шашынның ең көп мөлшері 543,4 миллиметрге жеткен.

Тәулігіне 500 миллиметрден асатын жауын-шашын деңгейі аса жоғары көрсеткіш болып саналады және су тасқынына әкеледі.

«Нөсер жауын салдарынан 31 жол учаскесі бүлініп, 136 ауылда электр жарығы өшті», – делінген хабарламада.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары