29 шілде күні таңертең Каспий теңізінде жер сілкінді. Магнитудасы 3 баллды құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әзірбайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмология қызметі орталығының мәліметінше, дүмпулер Қазақстан уақыты бойынша сағат 06:07-де тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрінің координаттары: 40,43N, 51,60E. Эпицентрі 13 км тереңдікте орналасқан.
Еске сала кетейік, 27 шілдеде Каспийде жер сілкінісі болған еді.
Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі тіркелген болатын.
23 шілдеде Абай және ШҚО аумағында, Алакөл көлінің жанында жерасты дүмпулері болды.