Жаттықтырушылар Ақмола облысындағы демалыс базасында жанжал шығарды

/
Жаттықтырушылар Ақмола облысындағы демалыс базасында жанжал шығарды
видеодан скриншот

Ақмола облысындағы демалыс базаларының бірінде тынығуға келген, өздерін облыстық қол күресі федерациясының жаттықтырушылары деп таныстырған бір топ ер адам нағыз тәртіпсіздік жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Куәгерлердің айтуынша, олар алкоголь ішіп, өзге қонақтардың бөлмесіне баса-көктеп кіріп, әйелдер мен балаларды қорқытып, балағат сөздер айтып, агрессивті әрекет еткен. Оқиға түн ортасында, демалушылардың көбі ұйықтап жатқан кезде болған.

Алаңдаған қызметкерлер полиция шақырған, алайда бұл да тәртіп бұзушыларды тоқтата алмаған. Құқық қорғау қызметкерлері келгеннен кейін де ер адамдар заң мен қоғамдық тәртіпке мүлде құрмет көрсетпей, өрескел қылықтарын жалғастырған.

Ал қол күресі федерациясы өкілінің айтуынша, демалыс базасында федерация қызметкерлері емес, «Дарын» спорт кешенінің өкілдері болған.

«Видеода көрсетілген құқық бұзушы бірнеше ай бұрын жұмыстан шығарылған», – деді ол.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаның 17 шілде күні Зеренді ауданының демалыс аймақтарының бірінде болғанын мәлімдеді.

«Тәртіп бұзушыға қатысты полицейлер Әкімшілік кодекстің үш бабы бойынша материалдар толтырды. Зеренді аудандық сотының шешімімен оған әкімшілік қамау жазасы тағайындалды», – деді ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары