Ассы жазығында жоғалған төрт адам табылды

/
Ассы жазығында жоғалған төрт адам табылды

Оларды ТЖМ құтқарушылары тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бүгін Алматы облысы ТЖД күшімен Еңбекшіқазақ ауданындағы Ассы жазығында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

«Кеше кешке Ассы жазығына төрт азамат — 1995 жылы туған ер адам, 1995 жылы туған әйел адам, 1997 жылы туған ер адам және 2021 жылы туған бала — шыққан. Олар кешке дейін оралмаған соң, туыстары дабыл қағып, көмек сұраған. Көліктің дөңгелегі бұзылып қалғандықтан, олар таулы жерде түнемеге мәжбүр болған», - деп жазылған ведомствоның ақпаратында.

Барлығы ТЖМ құтқарушылары тарапынан табылып, аман-есен туыстарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары