Өскеменде 19 жастағы жігіт Ертіске шомылып жүріп, жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz сайты YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жас жігіт суға батып кеткен болуы мүмкін.
«27 шілде күні ол «Самал» жағажайының шетінде, Ертіске шомылған», – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір құтқарушылар оны іздестіріп жатыр.