Биыл онлайн-казиноларды толтыруға арналған 50-ден астам банк шоттары бұғатталған

/
Биыл онлайн-казиноларды толтыруға арналған 50-ден астам банк шоттары бұғатталған
istockphoto.com

Биыл заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері 22,2%-ға (45-тен 32-ге дейін) төмендеген, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Бұл туралы Бас прокуратурада онлайн-казиноларға қарсы іс-қимыл және заңсыз ойын қызметімен байланысты қаржылық ағындарды бұғаттау мәселелері бойынша өткен ведомствоаралық мәжілісте мәлім болды.

Онлайн-казиноларды толтыруға арналған 50-ден астам банк шоттары анықталып, бұғатталды.

Тыйым салынған интернет-ресурстарға қол жеткізуді шектеу жөнінде белсенді жұмыс жалғасуда.

Бас прокуратура заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған үшін мүлік тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратын Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары