Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

/
Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
Фото: ҰОК

Семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Руслан Құрбанов 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

1/16 финал кезеңіне дейін екі қазақстандық спортшы жетті. Алайда бұл кезеңде Вадим Шарлаимов бельгиялық Нейсер Лойолаға 8:15 есебімен есе жіберді.

Ал Руслан Құрбанов украиналық Роман Свичкардан 10:9 есебімен басым түсті.

Ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде қазақстандық спортшы Беларусь өкілі Марк Семоненкомен кездесетін болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары