Универсиада ойындарында қазақ қызы үздіктер қатарынан көрінді

/
Универсиада ойындарында қазақ қызы үздіктер қатарынан көрінді
Фото: instagram.com/qazathletics

Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындары кезінде қазақ қызы Ясмина Тоқсанбаева жеңіл атлетикадан үздік алтылыққа енді.

Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.

"Ясмина Тоқсанбаева үздік алтылықта. Германияда өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен 6-орын иеленді! Ол 20 шақырымды 1 сағат 30 минут 18 секундта жүріп өтті. Сонымен қатар Ясмина осы нәтижесі арқылы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан рекордын жаңартты! Жас спортшымызға жеңіс тілейміз!", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары