Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты

/
Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты
Фото: ҰОК

Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитет.

Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында жүзу сайыстары басталды. 27 шілдеде үш қазақстандық спортшы жарыс жолына шықты.

"Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартып, қашықтықты 23.33 секундта жүзіп өтті. Ол 18-орын иеленді. Алайда келесі кезеңге 16 үздік спортшы ғана өтті", - деп жазылған хабарламада.

Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 42-орын алды. Ал Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 45-орынмен жарысты аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары