Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан таэквондодан жастар арасындағы Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары төрт медаль алды.
Ел құрамасынан Аружан Найманбаева (68 келі) алтын алса, Ринат Елібай (51 келі), Павел Эм (59 келі) және Ақбота Желеу (46 келі) қола жүлдегер болды.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Бунед Бахрамкулов (45 келі) пен Айым Серікбаев (42 келі) чемпион атанды.
Ал Тоғжан Қазнабек (59 келі) екінші орын алса, Нұрперзент Самаұлы (48 келі), Егор Шаптефраць (78 келіден жоғары), Дәулет Рахимоллиев (73 келі) және Любовь Юн (63 келі) үздік үштікті түйіндеді.