Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан "Астана" клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Белгілі болғандай, футболшымен келісімшарт осы жылдың соңына дейін жасалған, деп жазады turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазіргі таңда Бауыржан өз бабынан әлі алыста екенін жақсы түсініп отырмыз. Жарақатынан кейін ол бұрынғы қалпына келуі үшін уақыт қажет. Мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Сондықтан Исламханның ұлттық құрама мен отандық футболдағы еңбегін ескере отырып, клуб оның толық қалпына келуіне көмектесуді құп көрді. Біз оған уақыт керек екенін түсінеміз.
Қазір ол біздің мақсаттарымызды орындауға тікелей көмектесе алмайды. Соған қарамастан, оның жоғары деңгейдегі футболшы екеніне еш күмәніміз жоқ. "Астана" оған қайта қалпына келуге, бұрынғы бабына еніп, қазақстандық жанкүйерлерді ойынымен қайта қуантуға мүмкіндік беруге дайын", – деді "Астана" клубының басшысы Саян Хамитжанов.