Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінде үздік шықты.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 100-ракеткасы, франциялық Артур Казомен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бублик 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 24 минутқа созылған бәсекеде Александр 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Казо 7 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, Александр Бублик спорттық жолында ATP додаларында жетінші, биылғы үшінші титулына қол жеткізді. Ол алдағы дүйсенбіде жаңартылатын рейтингіде 25-орынға көтеріледі.