Жыл басынан бері мәдениет саласындағы байқауларда 1 500 студент жеңімпаз атанды

/
Жыл басынан бері мәдениет саласындағы байқауларда 1 500 студент жеңімпаз атанды

Жыл басынан бері мәдениет саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден бастап, колледждер мен жоғары оқу орындарына дейін айтарлықтай нәтижелер көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты ұйымдардың 30-дан астам білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге сәтті аккредитациядан өтті. 2025–2026 оқу жылына министрлікке қарасты жоғары оқу орындары мен колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 1 647 грант бөлінді.

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы дайындық бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының сұраныс рейтингісінде 1-орынды иеленді. Қазақ ұлттық өнер университетіне Күләш Байсейітова есімі берілді.

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің бас ғимаратының қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы үшін жаңа жатақхана құрылысының жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырыла бастады. Сонымен қатар, инвестициялар есебінен үш жаңа мектеп-интернат салу мәселесі қарастырылуда. Қазіргі заман талаптарына сай жаңартылған мектеп-интернаттардың жобалық құжаттамаларын әзірлеу үшін техникалық тапсырмалар дайындалды.

Алғашқы жартыжылдықта 80-нен астам шеберлік сабақ, 66 көрме, 8 халықаралық фестиваль өткізілді. Сонымен қатар 25-тен астам халықаралық ынтымақтастық туралы жаңа келісім жасалды.

Жоғары оқу орындар, колледждер мен мамандандырылған мектептерде білім алып жатқан 700-ден астам  бала республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты атанды. Олардың қатарында:

- Т.Жүргенов атындағы академиясынан 175 студент;
- К. Байсейітова атындағы Республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернатынан  275 оқушы;
- К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінен 122 студент;
- П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінен 15 студент бар.

Биылғы жартыжылдықта ауқымды халықаралық және республикалық іс-шаралар ұйымдастырылды:

- «Tyrki Duníesi» III Халықаралық студенттік театр фестивалі,
- «ӨРЛЕУ» IX Халықаралық хореографиялық оқу орындары байқауы,
- X EURASIA PIANO FORUM,
- 46-Республикалық орындаушылар байқауы.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы екі халықаралық фестиваль ұйымдастырды. Атап айтсақ, «ULY DALA ÚNI» I халықаралық вокалды-хор музыкасы фестивалі және «КӨНЕ АСПАПТАР ШЕРУІ» ежелгі музыкалық аспаптар фестивалі. Жүргенов атындағы өнер академиясы 8 елдің университеттерімен бірлескен «Playing Memories» халықаралық жобасына қатысуда.

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарында білім алатын 1448 өнерпаз республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерде жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде:

- К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінен – 572  студент;
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясынан – 127 студент;
- Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан – 148 студент.

Сонымен қатар  87 жас өнерпаз республикалық байқаулардың лауреаттары атанса, 36 бала халықаралық байқаулардың лауреаты атағын жеңіп алды.
Олардың ішінде:

- III Республикалық «Dialogue of cultures - 2025» аспаптық орындаушылар байқауы;
- «Серпер» I Республикалық байқауы;
- «Кантилена» Халықаралық аспаптық орындаушылар байқауы;
- «Дарындылар галереясы» V Халықаралық шығармашылық интернет-байқауы;
- «Fanny Mendelssohn International Competition» Халықаралық байқауы және т.б. бар

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет саласындағы білім мен ғылымды дамыту, академиялық стандарттарды сақтау және жастардың шығармашылығын қолдау бағытында жүйелі жұмыс жасауды жалғастырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары