Теннисші Александр Бублик ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты

/
Теннисші Александр Бублик ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы топырақтағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды turkystan.kz. 

24 шілдеде өткен ширек финалдық кездесуде, әлемдік рейтингте 30-орында тұрған Бублик турнир барысында жаңбыр салдарынан үзіліспен өткен матчта өз отандасы Александр Шевченконы (ATP №110) сенімді түрде жеңді. Қорытынды есеп: 6:4, 6:2.

Жартылай финалда Бублик бразилиялық Тьяго Уайлд пен нидерландтық Ботик ван де Зандсхулп арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 596 035 еуроны құрайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары