«Ақтөбе» мен Чехияның Прага қаласынан келген «Спарта» клубы Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде кездесті, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Ойын Ақтөбенің Орталық стадионында өтті. Матчты Норвегиядан келген Кристоффер Хагенес басқарған төрешілер бригадасы қадағалады.
Ойынның алғашқы минуттарында-ақ Андрей Влад бірнеше қауіпті соққыны қайтарды. Алайда айып алаңының ортасына бағытталған пасты Даниэль Соса баспен қақпаға дәл бағыттады. Чехтар қайта шабуылға кірісіп көрді. Екінші таймда екі команда да қауіпті сәттер жасады: Лукаш Гараслин қақпа маңдайшасын қозғалтса, Оралхан Өміртаев қақпашымен жеке шыққан сәтті нәтижелі аяқтады. Ал ойын соңында Велко Бирманчевич пенальтиден есепті түйіндеді. Есеп — 2:1.
Қарымта матч 31 шілдеде өтеді.