Бұл туралы Қазақстан көкпар федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
«Қазақстан көкпаршылары (ұлттық құрама емес) ҚХР, Іле-Қазақ автономиялық облысы, Моңғолкүре ауданында гар (көкпардан) жарысқа қатысып жатқанын хабарлаған едік. Күні кеше біздің көкпаршылар екі ойын өткізді. Бірінші тартыста Өзбекстан командасын 7-1 есебімен жеңді. Екінші ойында жергілікті Текес командасына жол берді. Бүгін жергілікті Моңғолкүре командасымен алаңға шығып, бірінші таймнан кейін ойынды тоқтатты», – деп жазылған мәлімдемеде.
Федерациясы аттардың әлсіздігін сылтау еткен.
«Бізге берілген жылқылар жарыс икеміне келмеді және аттардың жарақат алуына байланысты, жарысты тоқтаттық. Біздің көкпаршыларды қолдаған халыққа алғыс айтамыз. Жарысқа барған жігіттер жастар, олар бірінші рет халықаралық жарысқа барып, мүмкіндіктерін сынап көрді. Көкпаршылардың қарымы мен қарқыны жақсы. Алдағы уақытта ел абыройын биікте ұстайды деп сенеміз!», – деп жазды федерация ұжымы.