Алакөлге жақын маңда жер сілкінді

/
Алакөлге жақын маңда жер сілкінді
istockphoto.com

Жетісу облысында Алакөл көліне жақын маңда жер сілкінді, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 3,8 жер сілкінісі шілденің 24-і күні Астана уақыты бойынша 08:47-де Сарқан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 124 шақырым қашықтықта тіркелді.

Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі Үшарал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 3,7 құрады.

Еске сала кетейік, 23 шілдеде Қазақстанның шығысында жер сілкінді. Абай облысы мен Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары 4 балдық жерасты дүмпулерін сезді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары