Оқыс оқиға Жамбыл облысы Үлгілі ауылында Смайлов көшесінде болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Төрт жастағы бала көшеде ойнап жүріп абайсызда бетон тақтайшалардың арасына қыстырылып қалып өздігінен шыға алмаған.
«Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ қызметкерлері барды. Құтқарушылар гидравликалық авариялық-құтқару құралының көмегімен плиталарды ашып, баланы босатты», — делінген хабарламада.