Әнші Наркенже Серікбаева ота жасатқанын айтты (ВИДЕО)

/
Әнші Наркенже Серікбаева ота жасатқанын айтты (ВИДЕО)
instagram

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева көзнің астындағы терісіне пластикалық операция жасады, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.

Өнер иесі ем-шаралардың сәтті өткенін айтып, қазіргі жағдайымен бөлісті.

"Көзілдірігімді тағып алып, ән айтып жүре бердім. Өзіме қатты ұнады. Өзімді жас қыздай сезініп жүрмін", – деді Наркенже Серікбаева.

Ота Шымкент қаласындағы пластикалық хирургия орталығында жүргізілген.

"Сіздерге уәде еткендей, бір аптадан кейін нәтижемен бөлісіп отырмыз. Наркенже ханым өзін жақсы сезінуде, ешқандай қолайсыздық байқалмаған. Керісінше, көзілдірік тағып, тойларда ән айтып та үлгерді", – деді орталықтың дәрігері.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары