Бейнеуде ерекше қажеттілігі бар 55 баланың құқығы бұзылған

/
Бейнеуде ерекше қажеттілігі бар 55 баланың құқығы бұзылған
istockphoto.com

Бейнеу ауданы прокуратурасы «Бейнеу психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ (бұдан әрі – Түзету кабинеті) қызметіне тексеріс жүргізіп, балалардың білім алу құқығын шектейтін заң бұзушылықтар анықтады, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Түзету кабинеті психофизикалық дамуы бұзылған 18 жасқа дейінгі балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді. 

2023-2024 оқу жылында көру қабілеті төмен, маманның сүйемелдеуіне мұқтаж 12 балаға тифлопедагогтың көмегі қамтамасыз етілмеген. 

Мысалы, бір балаға педагог-дефектологтың, логопедтің, психологтың, емдік дене шынықтыру нұсқаушысының және массажистің көмегі ұсынылған. Алайда баланың жағдайына бақылау жүргізілмеген, мамандардың көмегі көрсетілмеген, жеке даму бағдарламасы, сабақ жоспары мен кестесі әзірленбеген. 

Қажетті психологиялық-педагогикалық көмектің көрсетілмеуі салдарынан барлығы 55 мүгедектігі бар баланың құқықтары бұзылған. 

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша түзету кабинеті директоры Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 409-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, ал оның орынбасары тәртіптік жаза қолданылды. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 55 мүгедектігі бар баланың құқықтары қалпына келтірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары