Қазақстандықтар Дағыстанда апатқа ұшырады

/
Қазақстандықтар Дағыстанда апатқа ұшырады
Дағыстан Республикасы бойынша Ресей ІІМ ММ

Дағыстанның Тарумов ауданы аумағында орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тауып, төртеуі зардап шекті, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Жол апаты 22 шілде күні таңертең "Кавказ" федералды тас жолының 247-шақырымында болған.

Алдын ала деректер бойынша, Қазақстан Республикасының 39 жастағы азаматшасы Chery Tiggo 8 Pro автокөлігін басқарып келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Удмуртия тұрғыны – 39 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан "Lada Largus" көлігімен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші, сондай-ақ “Largus” көлігінде болған 4 және 6 жастағы балалар алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", – делінген хабарламада.

"Largus" көлігінің үш жолаушысы – 33 жастағы әйел мен 8 және 4 жастағы балалар, сондай-ақ Chery Tiggo көлігіндегі 15 жастағы жасөспірім түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған жол апатына байланысты тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Аймақтың Денсаулық сақтау министрлігі үш зардап шегушінің Тарумов ауданынан Махачкала қаласындағы республикалық стационарларға медициналық тікұшақпен жеткізілгенін хабарлады. Зардап шеккендердің бірі ауыр хәлде жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары