Ақмолалық құтқарушы Жан-Клод Ван Даммның әйгілі трюгін қайталады (ВИДЕО)

/
Ақмолалық құтқарушы Жан-Клод Ван Даммның әйгілі трюгін қайталады  (ВИДЕО)
ТЖМ

Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Айдос Сабдин әйгілі актер Жан-Клод Ван Даммның танымал трюгін қайталап, көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода өрт сөндіру қызметкері су айдынындағы екі катердің үстінде шпагатқа отырды. Бұл трюк 2013 жылы әлемге танылған Ван Даммның Volvo жүк көліктеріне арналған жарнамасындағы трюкті еске түсіреді.

"Айдос небәрі 27 жаста, бірақ азаматтық қорғау органдарында екі жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Сондай-ақ бала кезінен жауынгерлік өнермен айналысып келеді. Бүгінде ол Ақмола облысының «BATYR TEAM» құрамасының мүшесі, ММА және ушу-саньда спорт түрлерінен Азия және әлем чемпионы.

Құтқарушылық қызмет пен жауынгерлік өнер – Айдостың қос тағдыры. Осы екеуін біріктіре отырып, ол Жан-Клод Ван Даммның әйгілі трюгін қайталады. Бірақ өзінің ерекше стилінде: жүк көліктерінің арасында емес, екі катерді су бетінде біріктіріп, нағыз құтқарушы секілді", - делінген жазбада.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары