Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Финляндияның жеті дүркін чемпионынан жеңілді

/
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Финляндияның жеті дүркін чемпионынан жеңілді

Қазақстандық футбол клубы ЧЛ іріктеу кезеңінде КуПС клубына қарсы кездесу өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.

Сырт алаңда өткен матчта «Қайрат» қарсылас командаға 0:2 есебімен жол берді.

Алматылық команданың гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болғанымен барлық соққы сәтсіз аяқталды. Ал КуПС футболшылары екі голдың екеуін де ойынның екінші тайымында соқты. 

Алда Алматыда өтетін қарымта кездесу бар. Егер «Қайрат» сол ойында қарсылас командаға жауапсыз үш гол соқса келесі кезеңге өте алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары