Бүгін әнші кенже баласын қырқынан шығарғаны туралы жазба арнап, сәби күтіп жүрген отбасыларға тілегін жеткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын. Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін. Өзім қандай әппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар. Сәби күткен отбасыларға Алла егіз нәсіп етсін. Шаңырақтарыңызда тек бақыт, шаттық, қуаныш болсын. Бар болыңыздар, бай болыңыздар!», – деп жазды Ерке Есмахан әлеуметтік желіде.