Әли Оқаповты жақындары тосын сыймен қуантты

/
Әли Оқаповты жақындары тосын сыймен қуантты

Бүгін әнші Әли Оқапов 34 жасқа толды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оны түнгі он екіде жақындары торт ұсынып, шам жағып тосып алған.

Оқапов Instagram желісіндегі сторисінде бұл күтпеген сәт жайлы бөлісті. Оның айтуынша, сол түні ол жалғыз өзі мотоциклмен серуендеп, туған күнін ұмытып кеткен. Үйге келгенде туған-туыстары оны мерекелік көңіл-күймен қарсы алған.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Зейнмен түскен суретін жүктеп, жазбаға: «Туған күнім құтты болсын! Баршаңызға алғыс» – деп жазды.

Желі қолданушылары мен әріптестері бірден құттықтауларын жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.  

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары