Таиландта екі жастағы бала аралар шабуыл жасағаннан кейін көз жұмды. Оның денесінен 60 шақты араның шаққан ізі табылған, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Thaiger басылымы хабарлаған.
Акин есімді бала мектеп маңында қатарластарымен бірге велосипед теуіп жүргенде кенеттен аралардың шабуылына ұшырайды. Сол сәтте-ақ есінен танып қалған. Баласына көмектеспек болған әкесі де бірнеше жерден араға таланған.
Дәрігерлер жедел түрде ауруханаға жеткізілген балаға көмектесе алмады. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ара уы баланың бүйрегін және жүрек қызметін тоқтатуға әкелген. Бұл оның өліміне себеп болған.