Қытайда пранк жасаған қазақ қызы халықтан кешірім сұрады

/
Қытайда пранк жасаған қазақ қызы халықтан кешірім сұрады
коллаж :turkystan.kz

Әлеуметтік желіде «Метродағы пранкерша» атымен танымал Аружан Айбекова Қытайда түсірілген видеосы үшін кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz.

Құқық қорғау органдары жақында шетелден келген азаматпен алдын алу сипатындағы түсіндіру жұмысын жүргізген.

«Менің есімім Аружан Айбекова. Мен Қытайда түсірген видео жайлы жалпы барша қазақ елінен кешірім сұрағым келеді. Мен өз қатемді түсіндім. Ол жақтағы видео ешқандай да біздің елімізді жамандау мақсатында немесе айып тағу кінәлау мақсатында түсірілген жоқ. Барлығы әзіл ретінді түсірілді. Басқа менталитет болғандықтан басқаша қабылдады. Енді бұндай видеоларды түсіру кезінде ойланатын боламын. Бұндай видеолар енді алдағы уақытта түсірмеймін. Қазір Алматыдамын. Менде бәрі жақсы. Бұлай болғанына мен қатты өкінемін. Бұл видео млндаған қаралым жинаған болатын. Ешқашанда қазағымды жаман етті келгім келмеді», - деді Аружан Айбекова.

Айта кетейік, желіде жарияланған жазбалардың бірінде әлгі азамат өзінің серігіне тиесілі ұялы телефонды алып, оны жолдан өтіп бара жатқан шетелдік азаматтарға беріп жатқан сәті көрініс тапқан. Кейін ол әлгі құрылғы жоғалып кеткенін айтып, сол азаматтарға күдік келтірген.

Сонымен қатар, ол қоғамдық орындарда – көше мен метро бекеттерінде – бейтаныс адамдарға жақындап, олардың қолы немесе аяғынан ұстап, айналасындағылар арасында түсініспеушілік пен алаңдаушылық туғызған.

Бейнеүндеуде ол өз іс-әрекетіне өкініш білдіріп, мұндай жағдайдың қайталанбайтынын жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары