Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пункті жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жабылады.
«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ Қазақстан мен Ресей Федерациясы шекарасында орналасқан «Сырым» автомобиль өткізу пунктін қайта жаңғырту және жаңарту жобасының басталғаны туралы хабарлайды.
Құрылыс жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 4 тамыздан бастап «Сырым» өткізу пункті арқылы жеңіл және қоғамдық көліктер үшін өту уақытша тоқтатылады. Шектеулер 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Ал жүк көліктері үшін шекарадан өту электрондық кезек жүйесі арқылы жүзеге асырылады, күнделікті өткізу қабілеттілігі: 200-250 автокөлік.
Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге арналған баламалы өткізу пункттері:
«Шаған» (ҚР) / «Тёплое» (РФ) – екіжақты, Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған. KZ07-01 Орал-РФ шекарасы (Шаған өткізу пункті) автомобиль жолының 33 шақырымында орналасқан;
«Ақсай» (ҚР) / «Илек» (РФ) – халықаралық өткізу пункті. KZ07-04 Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы (Ақсай өткізу пункті) автомобиль жолының 144 шақырымында орналасқан;
«Тасқала» (ҚР) / «Озинки» (РФ) – халықаралық өткізу пункті. KZ07-06 Орал-Тасқала-РФ шекарасы (Тасқала өткізу пункті) автомобиль жолының 104 шақырымында орналасқан.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол қозғалысының барлық қатысушысына сапарларыңызды алдын ала жоспарлап, аталған өткізу пункттерінде көлік қарқындылығының өсу мүмкіндігін ескеруді сұрайды. Мемлекеттік шекарадан уақытында және ыңғайлы өту үшін жолға ертерек шығуды ұсынамыз», - делінген хабарламада.