Әуекомпаниялар билеттерді енді қалтаңыздың қалыңдығына қарап сатады. Delta Air Lines жасанды интеллектің арқасында, табысы арттырғанын мойындады, деп хабарлайды turkystan.kz theverge.com-ға сілтеме жасап.
Америкалық Delta Air Lines авиакомпаниясы жасанды интеллект негізіндегі жаңа жүйені қолданысқа енгізді. Енді билет құны әр жолаушыға жеке есептеледі, алгоритм сіздің құрылғыңыз, геолокацияңыз, іздеу және сатып алу тарихыңызды, тіпті онлайн мінез-құлқыңызды талдайды.
Delta бұл шешімнің табысты болғанын мақтанышпен мәлімдеді. Жүйе әр клиент үшін ең жоғары, бірақ әлі де қолжетімді бағаны белгілейді. Бұл дегеніміз сіз дәл сол бағытқа билетті өзгеден әлдеқайда қымбатырақ алуыңыз мүмкін.
Сарапшылар мұны «динамикалық баға қоюдың жаңа деңгейі» деп атауда. Ал тұтынушыларда әділдікке қатысты сұрақтар туындауы мүмкін.