«Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің»: Жұлдыз Әбдікәрімова декретке шығудың машақаты туралы айтты

/
«Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің»: Жұлдыз Әбдікәрімова декретке шығудың машақаты туралы айтты
instagram

Белгілі актриса, блогер Жұлдыз Әбдікәрімова декреттік демалысқа шыққанын мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол бір құжатты алудың машақаты көп жұмыс екенін айтты.

"Бүгіннен бастап ресми түрде декретке шықтым. Қызы сезім. Алдымен өзіңді жұмысқа тіркейсің, содан кейін өзіңе ай-сайынғы жалақыны өтейсің. Оған қоса әлеметтік пакет пен салық тағы бар. Бұл енді үйреншікті жайт. Ал жүктілік кезінде «уақытша жұмысқа жарамсыз» деген бір жапырақ қағазды алғаш рет алып тұрмын.

Машақаты көп жұмыс екен. Сан түрлі құжаттар талап етіледі және оларды ұлпамен қарап шығады. Сосын Сұрақтың астына алады. Бірнеше мекемеге жүгіртеді. Қысқасы сол декретті алу үшін де дәлелдеп жүресің", - деп жазды ол. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары