Үйіне жарқанат кіріп кеткен ақтөбелік құтқарушылардан көмек сұрады

/
Үйіне жарқанат кіріп кеткен ақтөбелік құтқарушылардан көмек сұрады

Ақтөбеде құтқарушылар жарқанатты еркіндікке жіберді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ақтөбе қаласының Алматы ауданы, Есет батыр тұрғын алабы, 3-шағын ауданынан төтенше қызметке ерекше қоңырау түсті. Пәтер тұрғындары үйлеріне кездейсоқ ұшып кіріп, өздігінен шыға алмай қалған жарқанатты байқап, көмек сұраған», - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жеткен. ТЖМ қызметкерлері пәтерді мұқият қарап шығып, қанатты жаратылысты ұстап алған. Жарқанатқа еш зиян келтірілмей, арнайы тексерістен кейін табиғи ортасына жіберілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары