Түркістан облысында полицей қызметтік көлікпен аударылып қалған

/
Түркістан облысында полицей қызметтік көлікпен аударылып қалған
фото: Zakon.kz

Оқиға Түркістан облысындағы Темірлан – Шұбар тас жолында болған, деп хабарлады turkystan.kz.

Оtyrar.kz басылымы жол-көлік оқиғасына дөңгелектің кенеттен жарылуы себеп болғанын жазды. Жарылған дөңгелек салдарынан көлік аударылып кеткен.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, рөлде учаскелік инспектор болған. Оқиға кезінде ол қызметтік міндетін атқарып жүрген. Полицей түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Басқа зардап шеккендер жоқ.

Аталған жол апатына байланысты қызметтік тергеу тағайындалды. Оның нәтижесінде тиісті шешім қабылданатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары