"Cағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүреді": Британдықтар ең жылдам электросамокат жасап шығарды

/
"Cағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүреді": Британдықтар ең жылдам электросамокат жасап шығарды
сурет: Julian Chokkattu

Ұлыбританиялық Bo компаниясы әлемдегі ең жылдам электросамокат – Bo The Turbo моделін таныстырды. Бұл самокат сағатына 160 шақырым жылдамдыққа дейін жетіп, 100 км/сағ-қа небәрі 2,2 секундта үдей алады, деп хабарлайды turkystan.kz wired.com-ға сілтеме жасап.

Bo компаниясы микромобиль нарығына жаңадан қосылғанымен, оның құрамында бұрын Formula 1-дегі Williams Advanced Engineering мамандары жұмыс істейді. Бір жарым жыл бұрын Bo компаниясы Еуропа нарығына Bo M атты алғашқы самокатын шығарған еді. Енді олар АҚШ нарығына шығуға дайындалып жатыр.

Компания тамыз айында Bonneville Speed Week шарасында Гиннестің рекордын орнатуды жоспарлап отыр.

Bo бас директоры Оскар Морганның айтуынша, адамдардың микромобильге қызығушылығын арттыру үшін «әсерлі әрі мәнді дүниелер жасау керек».

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары