Гимнасшы Айбота Ертайқызы жазғы Универсиадада қола жүлдегер атанды

/
Гимнасшы Айбота Ертайқызы жазғы Универсиадада қола жүлдегер атанды
Астана қаласының әкімдігі

Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы қола жүлдегер атанды.

Көркем гимнастикадан сынға түскен елордалық Айбота Ертайқызы таспа жаттығуында үздік үштіктің қатарына енді.

Бас жүлдені 18 дүркін Азия чемпионы саналатын Тахмина Икромова (Өзбекстан) жеңіп алса, күміс жүлдені бейтарап спортшы, әлем чемпионы Алина Харнаско иеленді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары