Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыста үздік ондыққа енді

/
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыста үздік ондыққа енді
Фото: ҰОК

Қазіргі уақытта Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

20 шілдеде Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден командалық сайыстың финалында өнер көрсетті.

Отандастарымыз командалық еркін жаттығуда 277.8196 ұпайға ие болып, 7-орынға тұрақтады.

Құрама сапында Наргиза Болатова, Ясмин Тұяқова, Даяна Джаманчалова, Ксения Макарова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.

Жеңіс тұғырының бірінші сатысына Қытай құрамасы көтерілді - 348.4779. Жапония 334.7232 ұпаймен күміс жүлдеге ие болса, Испания құрамасы 321.1328 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары