Кәсіпқой бокс: Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)

/
Кәсіпқой бокс: Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі нокаутпен аяқталды (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде филиппиндік Джеймс Бэконмен (26-6, 17 KO) жұдырықтасып, техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланғанымен, екінші раундта-ақ аяқталды. Елеусінов қарсыласын жойқын соққылармен сұлатып түсірді. Бұл – қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы он үшінші жеңісі (оның сегізі нокаутпен). Ал Бэкон үшін бұл алтыншы жеңіліс болды.

Айта кетейік, бұл Даниярдың АҚШ-тағы соңғы 4 жыл 8 айдағы алғашқы жекпе-жегі. Ол бұған дейін америкалық рингке 2020 жылдың қарашасында шығып, намибиялық Джулиус Индонгоны (24-10, 13 KO) нокаутпен жеңген болатын.

Сондай-ақ Данияр Елеусінов өткен жылдың 28 қыркүйегінде Алматыда өткізіп, филиппиндік Джо Нойнаяны (23-5-2, 11 KO) мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары