Танымал әнші Қыдырәлі Болманов бірнеше жыл бұрын тап болған қиындықтары жайлы сөз етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
"Тәуелсіздік алған 1991 жылы халықаралық эстрадалық “Азия дауысы” конкурсында домбырамен шығайын дегенімде “Не формат”, - деп, біраз қарсылықтар болды басында. Домбыра рухани ұлттық дүние, шығайын деп тұрған сахнам эстрада жанры. Бәрімен дауласып, айтқанымнан қайтпай жүріп, термені де, күйді де, домбыраны да эстрада форматына үйлестіріп, қиыннан қиыстырып неше түрлі әдістер, амалдар жасап, құдайға шүкір, жеттік-ау…. 100-пайыз қазақша шоу-бизнес. 7-жыл бұрын домбыра күні де пайда болды. 2 жыл бұрын Ұлытау облысы деп ауыз толтыра айтар күнге де жеттік, Құдайға шүкір!
Күрделі мақсаттарыма аман-есен жеткізген,ерекше мейірімді Аллаға сансыз мадақтар болсын! 2025 жылы Алматы Қарақат мектеп студиясының шәкірті Мирас баламыз халықаралық “Славян базары” конкурсында Ақтанбердінің термесін орындап, 1-ші орынды жеңіп алды және қазақ мультфильмінен дәстүрлі термені, өзінің ана тілінде шебер орындағаны үшін арнайы жалғыз “премия” тапсырылғаны, және оған бүгін 13-жасар Мирасымыздың жеткені.. менің жеткенім емес пе", - деді әнші.