Қостанайда дәрігердің соққыға жығылуына байланысты облыс әкімі пікір білдірді

/
Қостанайда дәрігердің соққыға жығылуына байланысты облыс әкімі пікір білдірді

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов дәрігердің соққыға жығылуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Әкім қызметте жүріп жапа шеккен дәрігердің жағдайы ерекше бақылауда екенін атап өтті.

"Бүгін облыстық аурухананың қабырғасында орын алған сорақы оқиғаға қысқаша пікір білдіргім келеді. Жаңа ғана біреудің өмірін аман алып қалған дәрігер қызмет орнында соққыға жығылды. Мұндай жағдайлар біздің қоғамда орын алмауы тиіс және барша тұрғындар тарапынан қатаң айыпталуы қажет. Құқық қорғау органдарына істі толық әрі әділ тергеп-тексеруді тапсырдым. Кінәлі адам заң алдында жауап беруі тиіс. Біз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қауіп-қатерге ұшырауына жол бермейміз. Олар — күндіз-түні, ауа райына қарамастан, өз міндетін адал атқарып жүрген жандар. Дәрігерлердің қауіпсіздігі мен қоғамдағы мәртебесі — басымдықта болуы тиіс. Менің тапсырмаммен ауруханаға орынбасарым барды. Зардап шеккен дәрігердің әріптестерімен байланыстамыз", -  деді облыс әкімі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары