Жердің жанынан он қабатты үймен шамалас астероид аса жоғары жылдамдықпен ұшып өтпек. Бұл туралы NASA ғалымдарына сілтеме жасап Metro порталы хабарлады, деп жазды turkystan.kz.
"Жерге жақын арада ірі астероид ұшып өтпек. Ол соншалықты жақын болады. Адамдар өзін жайсыз сезінуі мүмкін", — делінген жарияланымда.
Аталған ғарыш нысанына NASA 2022 YS5 деген атау берген. Алдын ала болжам бойынша, астероид 17 шілдеде Жердің жанынан сағатына 22,53 шақырым жылдамдықпен өтеді.
АҚШ-тың ғарыш агенттігі астероидтың диаметрі шамамен 36 метр, яғни 10 қабатты үйдің биіктігімен бірдей екенін мәлімдеді. Бұл оның көлемін елеулі қауіп көзі ретінде қарастыруға жеткілікті етеді, деп нақтылады NASA мамандары.
Ғалымдар сондай-ақ YS5 астероиды Жерден шамамен 4 миллион шақырым қашықтықта өтетінін айтты. Бұл — ғарыштық өлшеммен алғанда өте жақын саналады. Алайда NASA мәліметінше, көлемі үлкен болғанымен, бұл астероид Жер үшін "потенциалды қауіпті" нысан ретінде тіркелмейді, өйткені мұндай мәртебе тек диаметрі 83 метрден асатын астероидтарға ғана беріледі.