ҚР ТЖМ әскери қызметкерлері суға батып бара жатқан қыз баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 15 шілде күні Орал қаласындағы мәдениет және демалыс саябағында Чаган өзенін патрульдеу кезінде №20982 әскери бөлімінің екінші құтқару батальонының әскери қызметкерлері – Есет батыр атындағы бөлімшенің Нұрхан Камалов пен Сагынай Каримов есімді сарбаздары суға батып бара жатқан адамды байқаған.
Олар жедел әрекет етіп, 2012 жылы туған кәмелетке толмаған қызды құтқарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Құтқарылған қыз медициналық қызметкерлерге тапсырылды.
Төтенше жағдайлар министрлігі су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.