Көкшетауда сатыдан құлаған жұмысшы көз жұмды

/
Көкшетауда сатыдан құлаған жұмысшы көз жұмды
Ашық дереккөзден

14 шілде күні Көкшетау қалалық полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшерінен қаладағы кәсіпорындардың бірінде болған жазатайым оқиға туралы телефон хабарламасы келіп түсті, деп хабарлады turkystan.kz Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, 54 жастағы ер адам бағанды сырлау жұмыстарын жүргізу кезінде, астындағы саты сынып кетіп, биіктіктен құлаған. Бастан алған жарақат салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі — «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары