АҚШ-тың Массачусетс штатындағы қарттар үйінде шыққан өрт салдарынан 9 адам қаза тауып, тағы 30 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлады turkystan.kz.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, өрт 13 шілде күні кешке Фолл-Ривер қаласындағы Gabriel House қарттар үйінде тұтанған. Ол жерде шамамен 70 адам болған. Өртті сөндіруге 50-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылды.
Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, қою түтін мен жалын ғимарат ішіндегі адамдардың эвакуация жолын жауып тастаған. Зардап шеккендердің көпшілігі ауруханаға жеткізілді.