Астанада өтетін «Болашақ ойындарының» жүлде қоры 10 млн долларды құрайды

/
Астанада өтетін «Болашақ ойындарының» жүлде қоры 10 млн долларды құрайды
istockphoto.com

2026 жылы Астанада «Болашақ ойындары» ірі спорттық шара өтеді. Бұл турнир спорттың физикалық және цифрлық өлшемдерін біріктіреді.

«Болашақ ойындарының» бюджеті мен жүлде қоры 10 миллион долларды құрайды, бұл сома 13 дисциплинаға теңдей бөлінеді. Алайда, прайм-дисциплиналар да бар, яғни олардың бюджеті жоғарырақ болады, ал кейбір дисциплиналарда жүлде қоры сәл төменірек болады», – деді «Қазспортинвест» АҚ президенті Әлібек Хасенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, бұл бюджет пен жүлде қоры демеушілік қаражат есебінен қалыптастырылады. Қазіргі уақытта демеушілерді тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Айта кетейік, келесі жылы 18 шілде мен 1 тамыз аралығында Астанада фиджитал-спорттан «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирі өтеді. Жарысқа 100-ден астам мемлекеттен 1 500-ден астам спортшы қатысады.  

Турнирде ұсынылатын дисциплиналар санаттарға бөлінеді: спорт, техника, тактика, батл.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары