Танымал әнші Райымның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанова әлеуметтік желідегі парақшасында “сырғалым” атанған мәлім етті.
“Ұядан ұшқан күн”, – деп жазба қалдырды ол.
Желі қолданушылары қалыңдыққа жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін арнады.
“Бағыңыз ашылсын”, “Өзі сондай сұлу, нәзік, ақылына көркі сай қыз, тек ғана бақытты болсыншы”, “Қандай жарасымды едіңіздер, Аллам барша жамандық атаулыдан сіздерді сақтасын, мәңгі бірге болуды жазсын”, “Бағың бес елі болсын, қызым”, – деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, арудың таңдауы Жәнібек Ерболатұлы деген алматылық кәсіпкерге түскен. Ол бұған дейін үйленіп, ажырасқанын мойындады.