20 жыл бойы аула сыпырған самбошы Айсара Керімбекова жұмысқа тұрмақ

/
20 жыл бойы аула сыпырған самбошы Айсара Керімбекова жұмысқа тұрмақ
instagram

20 жыл бойы аула сыпырып күн көрген Самбодан әлемнің екі дүркін жүлдегері Айсара Керімбекова Самбо федерациясы тарапынан қолдау алып, жұмысқа орналастырылмақ, деп хабарлады turkystan.kz.

Еске сла кетейік, бұған дейін журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Instagram парақшасында 80-90-жылдары даңқы дүркіреп тұрған Айсара Керімбекованың бүгінгі ауыр ахуалын көрсеткен болатын.

 «Самбо ардагері Айсара Керімбекованың аула сыпырып жүр деген жаңалығын көріп, Самбо федерациясы мен Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті тарапынан өз көмегімізді беруге шешім қабылдадық.

Айсара Керімбекованың Қазақстан самбо тарихында орны бөлек, еңбегі өлшеусіз - Самбодан КСРО спорт шебері, Әлем, Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері, Азия Чемпионы. Айсара Керімбекованы қыркүйек айында ашылатын ҚР Қорғаныс министрлігі Батыр Бауыржан Момышұлы атындағы Әскери-спорт колледжіне самбодан жаттықтырушы лауазымына алуға дайынбыз. Самбодан білікті, кәсіби маман және спорт шеберінің жас ұрпаққа берер тәжірибесі мол деп білеміз», - деді Самбо Федерациясының вице-президенті Қорғаныс министрлігі  Спорт комитетінің төрағасы Арман Әбеуов.

Айта кетейік, Айсара Керімбекова — дзюдо мен самбодан әлемдік деңгейге көтерілген тұңғыш қазақ қызы. Ол самбодан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері (1988, 1992), КСРО кубогінің күміс жүлдегері (1989), КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері (1991), Азия чемпионы (1992) атанған.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары