Wimbledon: Янник Синнер чемпион атанды

/
Wimbledon: Янник Синнер чемпион атанды
Фото: sports.kz

Әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнер Уимблдон турнирінде үздік шықты.

Италиялық спортшы финалда әлемнің 2-ракеткасы, өткен жылғы чемпион, испаниялық Карлос Алькараспен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін өзара 12 рет кездессе, соның сегізінде испаниялық теннисші жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партия К.Алькарастың еншісінде кетті — 6:4. Бірақ осыдан кейін Я.Синнер камбэк жасап, жеңіске жете білді — 6:4, 6:4, 6:4.

Осының алдында Ролан Гаррос турнирінің финалында бес сетке созылған матчта К.Алькарастан жеңіліп қалған италиялық теннисші есе қайырды. 

Сөйтіп 23 жастағы Янник Синнер Уимблдонда алғаш рет жеңімпаз атанды. Бұл — оның кәсіби спорт жолындағы 20-сыншы, «Үлкен дулыға» додаларындағы төртінші титулы.

Ал «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы К.Алькарас бірінші рет финалда жеңіліс тапты. Осылайша, ол өткен жылғы Уимблдондағы табысын қайталай алмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары