Гамбург турнирі: Жібек Құламбаева іріктеу сайысының финалына шықты

/
Гамбург турнирі: Жібек Құламбаева іріктеу сайысының финалына шықты
Фото: sports.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Гамбург (Германия) WTA 250  турнирінің іріктеу сайысында бастапқы ойынында жеңіске қол жеткізді. 

Іріктеуде 10-ракетка болып тіркелген Ж.Құламбаева рейтингіде 445-орында тұрған германиялық Мина Ходжичпен кездесті.

Бірінші партияда Жібек 6:4 есебімен басымдылық танытты. Екінші сетте 2:5 есебімен жеңіліп жатып, қатарынан бес геймді өз есебіне жазды – 7:5.

Бір сағат 46 минутқа созылған тартысты матчта Құламбаева 13 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Ходжич 1 эйс, 5 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Жібек Құламбаева іріктеу сайысында, ресейлік теннисші, әлемнің 277-ракеткасы Мария Тимофеевамен негізгі жарыс жолдамасын сарапқа салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары