Айсұлу Ерланқызы есімді келіншек әлеуметтік желіде отбасылық қиындығы жайында айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Кеттім. 4 бүлдіршінімді құшақтап үйден кеттім. Себебі мен мал емеспін. Құл емеспін. Робот емеспін. Мен — адаммын. Анамын. Әйелмін? Кеткім келмеген.Просто тыныш, сыйластықта өмір сүргім келген. Бірақ ол өмірдің орнына маған: «Сен көгертпейсің. Сен топассың. Қаншықсың. Салақсың. Жәлепсің…» — деген сөздерді есту бұйырды? Мен үнсіз тыңдадым басында…қарғаса…бізді қарғамаңызшы деп кешірім сұрадым…Ал бұл әрекетім арқылы шекарамнан өтіп, намысыма тиюге, қорлауға рұқсатты өзім беріппін. Жарайды дедім, кешірдім дедім… Бірақ ішімде бәрі жиналды,кіршіксіз ақ пейілмен барған жүрегім қарайды… Ақша,өзіме көңіл бөлу,киім, демалыс… Барлығы тек рұқсатпен болу керек.Тек ескертіп, сұрап барып жасау керек. Бірақ мен ол үйге тонау яки пайда үшін емес, бірлік, береке тілеп барғанмын.Не болса да ақ көңілдігіммен барлығына араласып,көмектесіп,жылы қабақ танытып тек жақсы болса екен дедім.. Мен өзіме бір тиын жаратпай, бәрін қыздарыма, сол үйге жұмсадым,өзіме алсам да күйеуімнің рұқсатымен болды, әр тиынына дейін есебін бердім… Соның өзінде ақшаны үндемей тығып жүрсің деген жала жабылды», - деп жазды ол.
Сондай-ақ Айсұлу Ерланқызы енесінен естіген ауыр сөздерін айтып, ағынан жарылды.
«Сен баламның жолын жаптың» деді. «Тәрбиесізсің…көкбет..тілің ащы» деді. Бірақ менің тілімнің ащы болуына өздерінің қатты сөзі себеп емес пе? Мені есіміммен емес — «э» деп шақырып, бұйырып сөйлеп, адам құрлы көрмей жүрген адаммен енді бір үйде тұрмаймын деп шештім. Мен жай ғана кеткенім жоқ.Бәрін ойланып, жүрегім жылап тұрып шешім қабылдадым. Құдай көріп тұр — мен ешкімге жамандық ойламадым. Бірақ енді өзімді жоғалтқым келмейді. Мен өскім келеді. Дамығым келеді. Адам ретінде өмір сүргім келеді. Мені өзгертіп, “өздеріне лайықты” робот қылғысы келгендер қатты қателесті. Менің табиғатымды тек Құдай жаратты. Ешкімнің мені сындырып, қайта құрастыруға хақысы жоқ. Алда не күтіп тұрғанын өзім де білмеймін. Бірақ бір нәрсе анық: мен мал емес адам болуға лайықпын», - деді жыларман болған әйел.