«Бәрі жақсы болады»: Мәдина Сәдуақасова Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірді

/
«Бәрі жақсы болады»: Мәдина Сәдуақасова Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірді
instagram

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйеліне қолдау білдірді, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі Мөлдір Мұқанова екеуі жанұяларымен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат еткенін көрсетті.

«Жаным Мөлдір, бәрі жақсы болады. Қасиетті киелі жерге келіп тұрмыз. Бар тілектеріміз орындалсын», - деп жазды ол.

Айта кетейік, соңғы кездері ел арасында Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір Мұқанованың ара-қатынасына байланысты түрлі қауесеттер тараған болатын. Желі қолданушыларының арасында белгілі әзілкештің жұбайынан ажырасып, екінші әйел алғаны жөнінде бейресми ақпараттар қызу талқыланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары